ҚР әділет вице-министрі Даниель Ваисовтың айтуынша, бұл өзгеріс жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тыйым салынған мүлікті электрондық сауда арқылы өткізу тәртібі де жетілдіріледі.
«Сондай-ақ, егер борышкердің орналасқан жері белгісіз болып, бұл сот актісінің орындалуына кедергі келтірсе, заңды тұлға басшысын іздеуге жариялау мүмкіндігі көзделіп отыр», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Әділет вице-министрі қабылданған Заңның сот орындаушылары институтының қарқынды дамуына, мәжбүрлеп орындату жүйесінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.