Ақтөбе облысында жасөспірімге зорлық көрсетілген

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2026

Ақтөбе облысында  жасөспірімге зорлық көрсетілген. Жәбірленуші тараптың айтуынша, оқиға биыл 19- мамырда болған. Күдікті қызды қорқытып,  ешкімге айтпауға мәжбүрлепті.  Бір айдан кейіне ғана туыстары біліп, полицияға арыз берген.  Жәбірленушінің  сөзінше оқиғадан кейін күдіктінің отбасы арызды қайтарып алуды сұрап, тіпті екеуін үйлендіруді ұсынған көрінеді.

АҚМАРАЛ АШҒАЛИЕВА, АПАСЫ:

Біздің талабымыз -іс деген 122-баппен, 1ші частімен қозғалды. Бірақ ол баппен келіспейміз.Себебі біз 120шы бапқа Зорлық көрсетілгені екен баппен іс қозғалғанын талап етіп отырмыз, себебі ол-зорлық болды.

Полиция департаментінің мәліметінше , қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.