Павлодарда өгей қызын зорлаған педофил сотталды

Павлодарда өгей қызын  жылдар бойы зорлаған  36 жастағы педофил өмір бойына сотталды. Ол жымысқы әрекетін қыздың анасы түнгі ауысымға жұмысқа кеткен кезде жасырын жасап отырған. Алғаш 8 жаста қыз балаға зорлық көрсетіпті. Алайда, қаршадай қызға біреуге тіс жаратын болсаң анаңды, жақын туыстарыңды өлтіремін - деп қорқытып келген. Осылайша, қыз бала 11 жасқа келгенге дейін өгей әке  өгейлігін көрсетіп келіпті. Тек өткен жылы ғана педофилдің әрекеті әшкере болды. Заң бойынша жария етуге жатпайтындықтан, сот  отырысы жабық түрде өтті.

АГИДЕЛЬ ИБРАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Сот үкімімен Б кінәлі деп танылды. Оған өмір бойына педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс жасауға байланысты лауазымдарды атқару құқығын айырумен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.