47 адамның иелігінде 100-ден астам тұрғын үй бар

  • AstanaTV
  • 14 шілде 2026

Елде 5 жарым миллионнан астам адамның атында үй бар. Кейінгі 6 айдағы дерек бойынша, 5,5 миллион қазақстандықтың 4,3 миллионында бір баспана болса, 935 мыңға жуық адам қос үйдің кілтіне ие. 3,4 және 5 үйге иелік етіп отқан азаматтардың саны 300 мыңнан асады. Ал алтыдан онға дейін жылжымайтын мүлкін тіркегендер саны 17,6 мыңға жеткен. Сонымен бірге, 47 адамның иелігінде 100-ден астам тұрғын үй нысаны бар. Баспана кезегінде тұрғандар саны миллионға жуықтайды. Оның 341 мыңнан астамы бес жыл бұрын тіркелсе, 123 мыңы он жылдан бері кезекте тұр. 22,4 мың адам 15 жылдан астам уақыт күтіп жүр. Ал 843 қазақстандық баспаналы болуды көздегеніне 20 жылдан астам уақыт болды. Отбасы банктің дерегіне сүйенсек, үй аламын деп алғашқы жарнаны жинайтындар 35 жастан қамдана бастайды. Салымшылар қажет сомасын орта есеппен 6 жыл  жинайды. Содан кейін ғана 41 жасында баспаналы болады екен.