Тұтынушылық несиелерді рәсімдеу тәртібі өзгереді

фото: pixabay

18 шілдеден бастап азаматтарға жеке қажеттіліктері үшін – тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер сатып алуға берілетін тұтынушылық несиелерді рәсімдеудің жаңа тәртібі күшіне енеді.

Тұтынушылық несиелеу қағидаларының өзгеруі (мысалы, тауарларды немесе туристік қызметтерді бөліп төлеуге рәсімдеу кезінде) несиені беру жылдамдығына да, оны алу мүмкіндігіне де әсер етуі мүмкін. Өйткені енді өтініш берушіні тексеру бірнеше кезең бойынша жүргізіліп, бұрынғыдан да мұқият болады.