СҚО жол апатынан 8 адам зардап шекті

фото: СҚО ПД

Солтүстік Қазақстан облысы Астраханка ауылының маңында Mazda және Toyota Estima автокөліктері соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Mazda көлігінің жүргізушісі мен Toyota Estima салонында болған жеті адам медициналық мекемелерге жеткізілді.

«Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады», - деп хабарлады полиция.