Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады?

Фото: учет.кз

Биылдан бастап тамыз айының соңындағы қосымша демалыс күні болмайды. Бұл Конституция күнінің енді 15 наурызда аталып өтуіне және 30 тамыздың мемлекеттік мереке мәртебесінен айырылуына байланысты.

Тамыз айында қосымша мерекелік демалыс қарастырылмаған.

5 күндік жұмыс аптасы бойынша: 21 жұмыс күні; 10 демалыс күні болады.

Ал 6 күндік жұмыс аптасы үшін: 26 жұмыс күні; 5 демалыс күні қарастырылған.