Қазақстан азаматын Түркияда тапсырыспен өлтіргендер ұсталды. Ішкі істер министрлігі Ыстанбұл қаласында қаза тапқан Қазақстан азаматы Ариф Исмаиловтың өліміне қатысты тергеу мәліметтерін жариялады. Тергеу деректеріне сүйенсек, Қазақстан азаматы қылмыстық топтың тапсырысымен өлтірілген. Министрліктің хабарлауынша, ер адам биыл наурыз айында қарулы шабуылға ұшырап, ауыр жарақат салдарынан ауруханада көз жұмған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:
Қазақстан Ішкі істер министрлігі Түркия және Грузиядағы әріптестерімен өзара іс-қимыл аясында үш мемлекеттің аумағында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау бойынша кезең-кезеңімен арнайы операция жүргізді. Оларға қару қолдану арқылы жасалған бірнеше шабуылға қатысы бар деген айып тағылуда.