Самара-Орал тас жолының бойында жүк көлігі аударылып, жақын маңдағы ауыл тұрғындары тегін жеміске қарық болды. Көктен іздегені жерден табылған ауылдықтар бір сағаттың ішінде 20 тонна жүк тиелген көлікті "жылан жалағандай" қылды. Жүргізушінің айтуынша, көмек бірнеше күннен кейін келіп жеткен. Әрі бір бүйірлеп жатқан көлікті орнына қою үшін жүктен босату керек болыпты. Амалы таусылған азамат тұрғындарға жемісті тасып алыңдар деп өзі өтініш жасаған. Ауыл тұрғындары лезде тасып алды. Жұрттың айтуынща, бұл аумақта жазатайым жол апаты жиі болады. Сондықтан жауапты органдар қауіпсіздікті күшейтсе дейді.
РАФХАТ ХАЛЕЛОВ, ТҰРҒЫН:
Кезінде жол салғанда қорғандар қалды ма екен, болмаса арқалы, әулие аталарымыз жатыр ма екен? Өйткені жол жиегінде Биік қорғандар тұр. Соған байланысты жеке ойым ғой. Кешегіде машинаны тұрғызу керек болды көлікті. Жүргізуші өздерің жинап алыңдар деді.