Ақтөбе облысы Байғанин ауданында дауылдан 298 нысан бүлінген. Оның 254-і тұрғын үй. Сондай-ақ 14 әлеуметтік нысан, 24 кәсіпкерлік субъектісі мен 6 әкімшілік ғимарат зақымданған. Табиғи апаттан кейін арнайы құрылған комиссия келген шығынды есептеді. Баспаналары бүлінген тұрғындар уақытша эвакуациялық пунктке орналастырылып, қажетті тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз етілген. Мектеп-интернат ғимаратында 6 отбасы тұрып жатыр. Ал ауылдағы тіршілікті қамтамасыз ететін инженерлік желілер толық қалпына келтірілді. Қазір газ, су, электр жарығы мен байланыс қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Тек құлаған байланыс мұнарасын қалпына келтіру жалғасуда.
АСХАТ ШАХАРОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:
Жылыту маусымы басталғанға шейін барлық жұмыстарды толық аяқтау керек.Оған байланысты облыстық бюджеттен қосымша қаржы бөлінді. Жеке үйлер, әлеуметтік нысандар, бизнес ошақтары болса соны толық біз қалпына келтіреміз.Ең бастысы қазір үздіксіз қызмет ету коммуналдық мәселелерді қолға алынды және эвакуапунктта жатқан отбасыларға жағдай жасау мәселесі-ешқандай мәселе болмайды.