Заңды некедегі жұптар ғана суррогат анаға жүгіне алады

Суррогат ананың қызметін енді тек заңды некедегі жұптар пайдалана алады. Мемлекет басшы "Неке және отбасы туралы" кодекске енгізілген өзгерістерге қол қойды. Заң бойынша бұл қызметке тек  Қазақстан азаматтары жүгіне алады. Олар суррогат ананың жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі 56 күн ішіндегі медициналық шығындарын өтеуге міндетті. Егер асқынулар болса, босанғаннан кейінгі 70 күн бойы өтемақы төлеуі тиіс. Заңдағы тағы бір маңызды жаңалық – енді болашақ ата-аналар суррогат анамен шарт жасаспас бұрын өздерінің физикалық және психикалық денсаулығы туралы медициналық-генетикалық қорытынды ұсынуы тиіс.  Бұл талап баланың және барлық тараптың құқықтары мен денсаулығын қорғауға бағытталған.