Трамп: «Біздің ұшқыштар Иран әуе кеңістігінде серуендеп жүр»

Трамп Иранға мүлдем бас көтерместей соққы жасауды жоспарлап отыр. Құпия жиналыста әскерилермен ақылдасқанымен, бұл жоспары жарияға жар болды. АҚШ Президенті Ормуз бұғазындағы блокаданы да өз пайдасына асырды. Енді, жүк артқан кемесі бар елдер, салықтың орнына миллиардтаған инвестиция құюға мәжбүр болады. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Трамптың Иран инфрақұрылымына жасаған жойқын соққылары тек бастама болуы мүмкін. Бұдан да жойқын, бас көтерместей шабуыл жасалатынын АҚШ Президенті мойындауға мәжбүр болды. Себебі, құпия жиналыстағы ақпарат журналистерге жетіп қойды. Трамп Ирак басшысын Ақ үйде қарсы алып, бар жоспарын жария етуге мәжбүр болды.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Жалпы, құпия жоспардың ашылып қалғаны да ештеңе етпейді. Себебі, Иранның әуе қорғанысы кешендері қалмады. Біздің су жаңа ұшақтарымыз, тіпті, қорғаныс шараларын да қолға алмайды. Олар Иран әуе кеңістігінде серуендеп жүреді. Ойлап қараңыздаршы, серуендеп жүріп, соққы жасайды. Біздің ұшқыштардың жаттығуы бұған қарағанда әлдеқайда ауыр.

Трамптың Ормуз бұғазында блокада орнатып, бүкіл әелм елдерінен салық аламын дегені айла болып шықты. Ол айласы бір күн ішінде сәтті жүзеге асты. Қауіпсіздік қамтамасыз етуге кеткен қаржының орнын толтырамын деп кеше Трамп барлық кемеден 20 пайыз салық аламын деп еді. Енді, оның орнына АҚШ экономикасына қыруыр инвестиция тартты.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Маған бір түнде жүздеген мемлекет басшысы, сұлтандар мен корольдер телефон шалды. Телефоныма дамыл болмай, қызып кетеді ма деп қорықтым. Олардың барлығы маған жалынып, салық салмауымды өтінді. Негізі алмайтын едім. Бірақ, Иран өзі бірінші болып, халықаралық заңдарды белшесінен басты. Мен еркін кеме ағынын қорғауым керек. Енді, оның орнына, миллиардтаған инвестиция тартып отырмын. Өздері ұсынып отыр. Осыдан кейін мені үздік Президент деп атамай көріңдер.

Иранның да айтар уәжі жеткілікті. Президент Масуд Пезешкиан АҚШ уәдені бірінші болып бұзды, - деп сұхбат берді.

МАСУД ПЕЗЕШКИАН, ИРАН ПРЕЗИДЕНТІ:

Негізінде халықаралық құқық принциптерін тек біз ұстанып келеміз. АҚШ, керісінше, шекарамызды бұзып кірмекші болды. Халқымыз, әлбетте, оған жол беріп қарап отырмайды. Иран, ешқай елге дәл АҚШ секілді баса-көктеп кірген емес. Сондықтан, адамдар өздері қорытынды жасай берсін.

АҚШ-та әлемге әйгілі Алькатрас аралында экскурсиялық кеме аударылып 1 адам қаза тапты. Ең танымал түрмені көремін деген 3 турист іс-түссіз жоғалып кеткен. Қазір, Сан-Франциско жағалауында іздестіру жұмыстарына ауа-райының қолайсыздығы кедергі болып тұр.