Атырауда «Отбасы және гендер: құндылықтар мен заманауи үрдістер» республикалық форумы өтті. Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өткен ауқымды шарада дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтай отырып жаһандық өзгерістер жағдайында гендерлік саясатты дамыту тетіктері талқыланды.
Бұл жиын бұрынғы жиыннан өзгерек. Жиналғандар екі панельдік сессия бойы отбасы инститтын нығайту, цифрлық дәуірдегі отбасы тәрбиесі, әйелдердің құқықтық сауаттылығы, экономикалық белсенділігі, әкелердің жауапкершілігі туралы жан-жақты талқылап, озық тәжірибелерді ортаға салды.
СӘУЛЕ РАХМЕТУЛЛИНА, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ГЕНДЕРЛІК КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жас мұғалімдер келіп балаларын қалдыратын жер болмаса, немесе студенттер, қыздар келіп 1-2 сағатқа балаларын қалдырып кететіндей балабақша сияқты «Бэбилэнд» біздің университеттің ішінде. Жас мұғалімдер келіп, балаларын қалдырып, арнайы педагог отырып, сол балаларға қарап береді.
Форумда сондай-ақ «Кемеңгер әке» жобасын таныстырды. Бұл көшбасшы әйелдерді даярлайтын «Томирис» жобасы секілді, ер-азаматтардың беделі мен қоғамдағы, отбасындағы рөлін айқындайтын дәстүрлі шара боларына сенімді,- ұйымдастырушылар.
ЗӘМЗӘГҮЛ ЖАЛМУРЗИНА, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ БАС ИНСПЕКТОР:
Аналар кеңесі, әкелер кеңесі Бұлардың бәрінің ортақ мәселесі - бұл тәрбие, отбасылық тәрбие. Қоғамдағы ұрпақтар сабақтастығын біз ұрпаққа қандай жақсы тәрбие беріп жатырмыз? Білімді бергенде, тәрбиені соған сәйкес бере алып жатырмыз ба? Міне, бүгін сол тақырыптың барлығы ашылып жатыр.
Республикалық форумға Қазақстанның әр аймағынан келген делегаттар, өңір сарапшылары, қоғам қайраткерлері мен сала мамандарын қоса алғанда 300-ге жуық адам қатысқан пікірталас алаңына айналды. Іс-шара офлайн және онлайн форматтарды біріктіретін гибридті үлгіде ұйымдастырылды.