«Теңізшевройл» компаниясы мұнай өндірісін рекордтық деңгейге жеткізді. Бұл туралы Капитал кз хабарлады. Былтыр 28 миллион 700 мың тонна шикі мұнай өндірілген. Бұл Қазақстан мұнай нарығындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Осылайша компания мұнай-газ саласындағы көшбасшылығын сақтап отыр. Өткен жылы Қазақстанға тікелей төлем 8,5 миллиард долларды құраған. Оның 2,5 миллиарды қазақстандық тауар мен қызмет ақысы. Қазақстан-Америка бірлескен кәсіпорны 1993 жылдан бері Қазақстан экономикасына 125 миллиард доллар салған. Бұған дейін жұмысшылардың 50 пайызы қазақстандық болса, былтыр бұл көрсетікiш 83 пайызға жеткен.