Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жабдықталмаған жағалауында суға түсу кезінде жоғалып кеткен 18 жастағы ақтаулықтың денесі табылды.
Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстары бүгін аяқталған.
Ақтау қаласынан 51 шақырым жерде төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жағалау сызығынан 10 метр қашықтықта судан жасөспірімнің мәйітін тауып, жағаға шығарды. Кейін мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды, - делінген хабарламада.