Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға жұмыс сапарымен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды. Мемлекет басшылары ертең екіжақты келіссөз жүргізеді. Одан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев қытай компанияларының жетекшілерімен дөңгелек үстелге қатысады. Сондай-ақ, мемлекет басшысы 17-і шілде күні Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысады.