Түркиядағы орман өрті: Мыңнан астам адам эвакуацияланды

Фото: Анадолу

Түркияның Мугла облысы Милас ауданында ірі орман өрті әлі де жалғасып жатыр. Өрт тұрғын үйлер мен туристік аймақтарға дейін жақындаған.

Өрттің жылдам таралуына аптап ыстық, ауаның құрғақтығы және қатты жел себеп болып отыр. Өңірде ауа температурасы 40°C-қа дейін жеткен. Қатты жел жалынды туристік нысандарға қарай айдап әкеткен.

Қауіпсіздік мақсатында 350 қонақүй, 770 демалыс кешенінен барлығы 1120 адам эвакуацияланды.

Оқиға орнында 62 өрт сөндіру көлігі, көптеген арнайы техника және авиация тартылып, 517 құтқарушы жұмыс істеп жатыр.