Шымкентте 200 мың теңгеге бәстесіп, жарысқан жүргізушілер жазаланды

фото: ҚР ІІМ

Полиция олардың қарсы бағытқа шығып, қауіпті маневр жасап, жол қозғалысына қауіп төндірген сәттері түсірілген бейнежазбаны әлеуметтік желілерден анықтаған.

Тексеру барысында жастардың 200 мың теңгеге бәстесіп, жарысты видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялау үшін ұйымдастырғаны белгілі болды. Сондай-ақ қатысушылардың бірі көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарған.

Құқық бұзушыларға әкімшілік жаза қолданылды. Олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.