Air Astana 21 шілдеден бастап Дубайға рейстерді тоқтатады

фото: pixabay

Air Astana әуе компаниясы Дубайға ұшуды 21 шілдеден 31 тамызға дейін тоқтатады.

21 шілдеге дейін рейстер жолаушыларды қайтару үшін орындалады.

"Жолаушыларға билеттердің құнын сатып алу орны бойынша толық қайтару немесе кейінгі күндерге, немесе Air Astana-ның басқа халықаралық бағыттарына тегін қайта брондау ұсынылады", – деп хабарлады әуе компаниясы.