Орталық сайлау комиссиясы Respublica партиясы ұсынған тізімді тіркеу туралы қаулы қабылдады. Саяси ұйым атынан Құрылтай депутаттығына 75 кандидат ұсынылған. Комиссия оларды жіті тексеріп, әрқайсысына куәлік берді. Үміткерлердің орташа жасы – 40,9. Тізімде 44 ер адам, 31 әйел адам бар. 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі - 12 процент. Заңға сәйкес енді сайлау бюллетеніне Respublica партиясы қоғамдық бірлестігінің аты енгізіледі.
ОЛЖАС ҚҰСПЕКОВ, "RESPUBLICA" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Ең жас кандидат 27 жаста. Ең үлкені 55 жаста. Тізімде кандидаттардың 70 пайызға жуығы - кәсіпкерлер. Сондай-ақ олардың арасында Мәжіліс пен маслихат депутаттары, партияның өңірлік филиалдарының басшылары, білім агроөнеркәсіп кешені, мәдениет, спорт, медиа және қоғамдық сектор өкілдері бар. Кандидаттардың көбі сайлауға алғаш рет қатысып отыр.
Жалпыұлттық социал демократиялық партиясының да тізімі қабылданды. Құрылтай депутаттығына ұсынылған 33 кандидаттың 23-і ер адам, 10-ы — әйел. Кандидаттардың ең үлкені -1957 жылы туған. 4 бөлім, 20 тармақтан тұратын бағдарламасын ұсынған ұйымның қатарында жастар да бар.
МАКСҰТ НАСИБУЛОВ, ЖСДП ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Партиямызда біраз қызмет еткен еңбек еткен азаматтарды енгіздік, оның көбісі біразы филиал төрағалары немесе оның филиал белсенділері. Бірнеше жыл қызмет жасап бізбен бірге болғандар. Көп қызмет жасамаса да, дегенмен де жастарды ары қарай үйретіп, саясатқа қатыстыру мақсатында енгіздік.