Астана базарларының бірінде газ жарылып, төрт адам зардап шекті

  • AstanaTV
  • 16 шілде 2026

Астанадағы базарлардың бірінде жарылыс болып, төрт адам зардап шекті.Алдын ала мәлімет бойынша,  50 литрлік газ баллоны жарылған. Жарақаттанғандардың бірі - кәмелетке толмаған бала. Ол қазір екінші балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Қалғаны жедел түрде қалалық ауруханаға жеткізілді. Екеуінің жағдайы өте ауыр, жансақтау бөлімінде  жатыр.

КУӘГЕР:

Жарты сағат бұрын ерте келгенбіз жұмысқа.  Бутигімізді ашып, жұмыс істеп жүргенбіз. Бір кезде бір қатты дауыс шықты, прям жер сілкінгендей болды. Сразу сыртқа жүгіріп  шықтық и көрдік қалай боп жатқанын бәрін. Сосын мына жақтан өрт сөндірушілер келді, полиция қызметкерлері бәрі келіп, ужен көмек қолын созды.

САХИБЕК БЕКЖАНОВ, №1 ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ КОМБОЗИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Бізге шұғыл түрде үш науқас жеткізілді. Екі науқастың жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылды. қазіргі таңда  екі науқастың жағдайы өте ауыр. Бір науқасты первая медицинская помощь көрсеткеннен кейін үйіне амбулаторлық ем алуға жіберілді.