Павлодарда банк бөлімшесінде торт жарған ерлі-зайыптыны күйік шалды

Павлодарда банк бөлімшесінде торт жарған ерлі-зайыптыны күйік шалды. Алаяқтың құрбаны болған олар ақшасын қайтарып алу үшін  алаяқтың айтқанын істепті. Яғни, тортпен банкке барып, үстіне пиротехникалық өнімді шаншып тұтатқан. Соның салдарынан торт жарылып, 78 жастағы қария мен 75  жастағы  зейнеткердің беті,қолы күйіп қалды. Зардап шегушілер бірден ауруханаға жеткізіліп, қажетті ем дом жасалды.  Жағдайлары жақсарған соң, үйге жіберілді. Полицияның хабарлауынша, ерлі-зайыпты қариялар әлдебір инвестиялық жобаға қаражат салып, алданып қалған. Полиция іс қозғады.

АЛМАЗ ТӨКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған факті бойынша полиция тергеу жүргізіп, дроппер ретінде әрекет еткен тұлғаларды анықтады. Олар заң аясында жауапгершілікке тартылып, жәбірленушілердің ұрланған қаражатын қайтару бойынша сот тәртібімен тиісті шаралар қабылдануда. Күдіктілерді ұстау бағында жедел іздестіру іс шаралары жалғасуда.