Астанада тағы бір көшеде қозғалыс шектеледі

фото: Depositphotos

Қала тұрғындары мен қонақтарын Баршын көшесінен Көктал көшесіне дейінгі учаскеде Н. Тілендиев даңғылында жол төсемінің жоғарғы қабатын салу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабардар етеді.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 17 және 18 шілде күндері осы учаскедегі қозғалыс ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.