Қарағандыда көпқабатты үй тұрғындары инженерлік желілерге қол жеткізе алмай отыр

Қарағандыда көпқабатты үй тұрғындары инженерлік желілерге қол жеткізе алмай отыр. Барлық құбыр үйдің жертөлесінде. Ал жертөлені 25 жыл бұрын жергілікті кәсіпкер – дәмхана қожайыны меншіктеп алған, кілті де өзінде. Пәтер иелері оған жылдар бойы кіре алмай келеді. Бұл -әсіресе апат кезінде қиын. Жақында бизнес өкілі тұрғындарды екі күн бойы сусыз қалдырыпты.  Жылдарға жалғасқан даудың шешімі қандай? Айжан Қуаштың бейнематериалы.

Талай жылға жалғасқан дау осы аптада  ушықты. Кенеттен апат болып, жертөлеге су аққан. Кәсіпкер  су құбырын жауып тастап, салдарынан тұрғындар 2 күн бойы сусыз отырған.

ЗИНАП АДАСПАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Балам 6 айлық, үйде 4 жаста балам бар. Күн ыстық, 2 күн үйде су болған жоқ. Фильтрдан, бұлақтан екі күн су тасыдық күн ыстықта. Баланы жуындыру керек. Осылай часто сөндіреді суды постоянно. Еще түнімен суббота, воскресенье айқай- шу. Балалар ұйықтамайды.

ҚҰРМАНҒАЗЫ ҚАЙЫПОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Подвалдың жарты бөлігін өзіне иемденіп алған. Ол кісіге звондаймыз, пока ол кісі келеді пока ашады, пока тоқтатады оған дейін уже қаншама потоп кетеді. Подвалға кетеді потом ол бізден сол үшін возмещение сұрайды.

Тұрғындар осылайша инженерлік желілерге қол жеткізе алмай отыр. Барлық құбыр үйдің жертөлесінде. Жертөлені 25 жыл бұрын жергілікті кәсіпкер – дәмхана қожайыны меншіктеп кілтін алып алған.

ДӘУРЕН ХАБДАЛХАН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Кіргізбеймін дейді подвалға, доступ бермеймін дейді. Бізге доступ берсін. Суды өзімізге қарай шығарып берсін. Су өшіретін кезде ол кісіні шақырмай өзіміз барып өшіретіндей болу керек.

Мәселеге әкімдік араласты. Дәмхана қожайыны енді пәтер иелерін кіргізбесе іс сотқа жетуі мүмкін.

АБЫЛАЙ ЕСЕН, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бұл - сіздің қоймаңыз емес, бұл жертөле ғимараты. Өрт қауіпсіздігі де жоғары. Сондықтан оған тұрғындар кіруі тиіс. Кілтті беріңіз. Бір келісімге келе алмасаңыздар сот арқылы шешуге тура келеді.

Кәсіпкер тұрғындардың өз желілерін ашық жерге шығарып алуы үшін кілтін беретін болды.

АЛЕКСАНДР МАЙОРОВ, КӘСІПКЕР, ДӘМХАНА ҚОЖАЙЫНЫ:

Мен құбырдың шүмектерін өз қаражатыма ауыстырғам. Тұрғындар пәтерлеріндегі кәріз құбырларын айырбастасын, өйтпейінше апат тоқтамайды.Ал жертөлеге кірем десе кірсін, желілерін өздерінің жағына орнатып алсын. 

Тұрғындар кәсіпкердің дәмханасының шуынан да зардап шегіп отырғандарын айтады. Келушілер ішіп –алып төбелесіп жұртты ұйықтатпайтын көрінеді.  Жергілікті учаскелік полицейлер болса еш шара қолданбай келеді,- дейді. Тіпті маусым айында дәмхана жанындағы дүкен иесінің су жаңа көлігі мен қымызханасын біреулер қасахана өртеп жіберген.