Құрылтай сайлауы: 76 халықаралық байқаушы аккредиттелді

Халықаралық байқаушылар саны 76-ға жетті. Құрылтай сайлауын бақылайтын халықаралық байқаушылар қатары тағы 16 адаммен толықты. Орталық сайлау комиссиясы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен 4 мемлекет пен 3 халықаралық ұйым өкілдерін аккредитациядан өткізді. Комиссия төрағасының орынбасары жаңа өтінімдердің түсуіне қарай бұл деректердің алдағы уақытта да жаңарып отыратынын айтты.

МҰХТАР ЕРМАН, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Атап айтқанда, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясынан - 1, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясынан - 6, ЕҚЫҰ ДИАҚБ сайлауды байқау жөніндегі миссиясынан - 1, Грузиядан - 2, Иран Ислам Республикасынан - 2, Швеция Корольдігінен - 2, Қырғыз Республикасынан - 2 кандидатура ұсынылды.