Ұлттық валютаның үшінші түрі қандай болады?

  • AstanaTV
  • 17 шілде 2026

QR код арқылы төлем елде қолма қол ақшамен қатар қолданылады. Енді бұл тізімге цифрлық теңге де қосылмақ. Арнайы әмиянда сақталатын бұл валютаның биткойннан айырмашылығы қандай? Мемлекеттік сатып алуларда артықшылық бола ма? Сержан Айтжан анықтап көрді.

Мемлекеттік қаржының әр теңгесі енді бақылауда болуы мүмкін. Пилоттық негізде мемлекеттік сатып алулардан басталған цифрлық теңге әлеуметтік төлемдерге дейін енгізіліп жатыр.

АЙБАР ОЛЖАЕВ, ҚАРЖЫ САЛАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

Цифрлық теңгені ұрлап оны басқа бір мақсатқа жұмсап онымен жемқорлық жұиһмсай алмайсыз. Өйткені оның қайда баратыны, қай ақша кімнің қолына түскендігі ол не үшін мақсаты барлығы көрініп тұрады. Сондықтан дәл осы кезде біз цт мемлекеттік тендерлерге енгізу арқылы осы жақтағы ақшаны мақсатсыз жұмсау және жымқыру фактілерін толық тоқтата аламыз.

Көпшілік цифрлық теңгені биткоинмен салыстырады. Алайда олардың жұмыс істеу қағидаты екі бөлек. Криптовалюта орталықтандырылмаған және оның бағасы нарықтағы сұранысқа қарай үнемі өзгеріп отырады. Ал цифрлық теңге Ұлттық банкпен шығарылады. Сонымен бірге бағамы тұрақты және бір цифрлық теңге әрдайым бір теңгеге тең.

ЕРЛАН АШЫҚБЕКОВ, ҚР ҰБ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ҚАРЖЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бүгінгі таңда 340 млрд тг астам цифрлық тг айналымда шығарылған болатын. Бұл жалпы нарыққа мемлекеттік органдарға технологияны меңгеруге соның негізінде жаңа қызметтерін ұсынуға мүмкіндік беретін төлем құралы. Енді қазір цифрлы теңге қолжетімді. Қазір 8 қаржы ұйымдары қатысуда.

Цифрлық теңге қолма-қол ақшаны немесе банк карталарын алмастырмайды. Ол қолданыстағы төлем жүйесіне қосымша құрал ретінде енгізіліп отыр. Ал оның тиімділігі мемлекеттік қаржының ашықтығын арттыру мен бюджет қаражатының нақты мақсатқа жұмсалуын қамтамасыз ету арқылы бағаланбақ.