Алдағы үш күнде Алматы мен Шымкент қалаларында аптап ыстық күшейе түседі.
Қазгидрометтің дерегінше, ауа температурасы 42-47 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Ал Астанада +24-26 градусқа дейін төмендейді.
Астанада 19-21 шілде аралығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін.
Алматыда демалыс күндері +40–42 градусқа дейін ыстық сақталып, тек 21 шілдеде өткінші жаңбыр жаууы ықтимал.
Шымкентте де 19 шілдеде ауа температурасы +47 градусқа дейін жетіп, кейін біртіндеп төмендейді.