Маңғыстауда Джеки Чанның жаңа фильмінің түсірілімі басталды

Фото: otpannews.kz.

Маңғыстау облысында халықаралық «Armour of God: Ultimatum» көркем фильмінің түсірілімі ресми түрде басталды.

Жобаның ашылу рәсімінде фильм режиссері Роберт Кун мен актер Джеки Чан кино саласындағы дәстүрге сай арнайы кинотарелканы сындырып, түсірілім жұмыстарына ресми түрде старт берді.

Фильмнің негізгі көріністері Маңғыстау өңіріндегі бірегей табиғи нысан Бозжыра шатқалында түсіріледі. Халықаралық шығармашылық топ Қазақстанның табиғи әлеуетін әлемге танытатын жаңа кинотуындыны әзірлемек.