Түркияның Малатия провинциясында жер сілкінді

Фото: gov.kz

Түркияның Төтенше жағдайлар және табиғи апаттарды басқару басқармасының (AFAD) мәліметінше, жерасты дүмпулері жергілікті уақытпен сағат 06:20-да болған.

 Жер сілкінісінің ошағы 15,59 шақырым тереңдікте орналасқан.

Ведомствоның мәліметінше, жер сілкінісінен қандай да бір қолайсыз жағдайлар туралы ақпарат түскен жоқ. Қазір оқиға орнындағы ахуалды бағалау жұмыстары жалғасып жатыр.