Бүгін - металлургтер күні

Фото: gov.kz

Қазақстандық металлургтер кәсіби мерекелерін атап өтуде. 

Жыл сайын шілде айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда Металлург күні атап өтіледі. Металлургия саласының өнімі құрылыс, машина жасау, энергетика және мұнай-газ секторы сияқты негізгі салалардың барлығында дерлік кеңінен қолданылады. Әрбір жаңа нысанның, заманауи техниканың және өндірістің дамуының негізінде металлургтердің қажырлы еңбегі жатыр.