«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсіп ашуға жылдық 2,5%-бен несие беріледі

ortcom.kz

Ауыл тұрғындары «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсіп ашуға жылдық 2,5%-бен несие ала алады. Несие ауыл шаруашылығына жатпайтын қызмет түрлері үшін 5 жылға дейін, ал АӨК саласында 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Ең жоғары несие сомасы – 2,5 мың АЕК-ке дейін, кооперативтер үшін – 8 мың АЕК-ке дейін. 2026 жылы жобаны іске асыруға 5,4 мың жобаға бюджеттік микронесиелер мен лизинг беру үшін 100 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар қазіргі уақыттағы жағдай бойынша бағдарлама аясында жалпы сомасы 33,7 млрд теңгеге 3132 жоба нақты қаржыландырылды.