Павлодарда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Павлодарда жигули көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оқыс оқиға Кенжекөл ауылының маңында болған. Жолдан өтіп бара жатқан адамды көлік қағып ұшырған. Салдарынан жаяу жүргінші сол жерде көз жұмды. Қайғылы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Темір тұлпар айып тұрағына қойлып, көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.