Алматылық 21 жастағы жігіт балконнан құлап қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 20 шілде 2026

Алматыда 21 жастағы жігіт көпқабатты үйдің балконынан құлап жан тапсырды. Қайғылы оқиға Бостандық ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіт аптап ыстыққа қарамастан сырт киіммен жүрген көрінеді. Полиция осы және өзге де мән-жайлар жан-жақты тексерілетінін мәлімдеді.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын, оның ішінде қайғылы жағдайдың себептері мен ықтимал себептерін анықтауда. Сондай-ақ марқұмның өмір салты, араласатын ортасы және тергеу үшін маңызды өзге де жағдайлар зерделеніп жатыр.