Қарағанды облысында екі бірдей бала терезеден құлап кетті

Қарағанды облысында екі бірдей бала терезеден құлап кетті. Бүлдіршіндердің жағдайы ауыр.

Қайғылы оқиғаның бірі Теміртау қаласында орын алды. 5 жастағы қыз бала екінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған. Екінші зардап шеккен бала 2 жаста. Ол Қарағанды қаласында қонақта жүріп 3- інші қабаттан құлады. Балақайлар түрлі дене жарақаттарымен облыстық балалар клиналық ауруханасына жеткізілді. Жағдайлары ауыр. Төтенше жағдайлар департаментінің есебінше күн жылынғалы осымен 29 бала терезеден құлап отыр. Зардап шеккендер көбіне мүгедек болып қалады.

ТЕМІРЛАН АЙТЖАН, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ТЖ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ:

Өткен демплыс күндері балалардың терезеден құлауына байланысты 2 оқиға тіркелді. Қайғылы жағдай Қарағанды қаласының 12 шағын ауданында орын алды. Ересектердің қарауынсыз қалған 2021ж дүниеге келген қыз бала 5 қабатты тұрғын үйдің 2 қабатында орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен. Оқиға кезінде қызға қарап отырған әпкесі көрші бөлмеге шығып кеткен. Ұқсас жағдай Теміртау қаласында орын алды.