Павлодар облысында кәріз құдығына түскен 6 адам мерт болды

Павлодар облысында кәріз құдығына түскен 6 адам мерт болды. Оқыс оқиға Ақтоғай ауданына қарасты Жоламан ауылында болған. Белгілі болғандай жұмысшылар  кәріз құдығындағы ақауды қалпына келтіру барысында қаза тапқан. Нақты неден болғаны әзірге белгісіз. Ал тағы бір жұмысшы көмірқышқыл газымен улану диагнозымен Ақтоғай аудандық ауруханасына жатқызылды. Қайғылы оқиға байланысты полиция іс қозғады.

ЖАННА БІЛӘЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.