Қызылжар өңірінде ер адам әжесін пышақтап өлтірді. Оқиға Есіл ауданында болды. 31 жастағы ауыл тұрғыны тапа тал түсте бірге тұрған әжесімен ішімдік ішкен. Артынша араққа сылқия тойып алған ер адам қариямен жанжалдасып, оған пышақ сұққан. Зейнеткердің мерт болғанын бірнеше сағаттан оның туысқандары байқап, полицияға жүгінген. Қазір тәртіп сақшылары іс қозғап, оқиғаны бүге-шүгесіне дейін зерттеп жатыр.
СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша адам өлтіру дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, тұрмыстық жанжал барысында 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелге пышақ жарақатын салып, салдарынан зейнеткер оқиға орнында көз жұмған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.