Солтүстік Қазақстан облысында 16 жастағы бозбала суға батып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында 16 жастағы бозбала суға батып кетті. Оқиға Ақжар ауданындағы Бостандық ауылының маңайында болған. Жасөспірім жасанды котлованға барып суға түскен. Шомылу кезінде ол терең жерге кіріп, батып кеткен. Ер баланың денесін іздеуге сүңгуірлер септесті. Олар арнайы техниканың көмегімен оны бірнеше минутта тауып алғандарын мәлімдеді. Қазір аталған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жалпы, төтенше жағдай мамандарының хабарлауынша жыл басынан бастап екі адам су құрбаны болған.

ДӘУРЕН ТАУБАЕВ, СҚО ТЖД БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Жасөспірімнің денесін анықтау үшін төтенше жағдай қызметінің 3 маманы және суасты дроны жұмылдырылды. Құтқарушылар мәйітті бірден тапты. Қазір құзырлы органдар оқиғаны жан-жақты зерттеп жатыр.