Түркістан облысында жүйкесі сыр берген науқастарға жүргізуші куәліктері берілген

Түркістан облысында жүйкесі сыр берген науқастарға жүргізуші куәліктері берілген. Сарыағаш ауданында наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған және көлік жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдері бар 89 адамға арнайы құжат рәсімделіпті. Мұндай заңбұзушылықтарды аудандық прокуратура қызметкерлері анықтады.

АҚЖОЛ СЕЙДУЛЛАЕВ, САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде сот шешімімен олардың көлік құралын басқару құқықтары тоқтатылды. Сонымен қатар  заң талаптарын бұзуға жол берген жауапты тұлғалар белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды.