Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды

Екібастұзда төтенше жағдай жарияланды. Бұған 19-шілдеде болған табиғи апат себеп болған. Екібастұзға қарасты Құдайкөл ауылында дүлей дауыл салдарынан 60-астам баспана шатырсыз қалды.  Одан бөлек мектеп, ауылдық клуб, кітапхана сияқты әлеуметтік нысандар да бар. Төтенше жағдай табиғи апат салдарынан қираған үйлерді қалпына келтіруге септігін тигізбек. Бұршақ аралас нөсер жауын, екпінді желден 6 адам түрлі дене жарақатын алған болатын.