Астанада түнгі клубта ішімдік ішкен ер адам оқ атқаны үшін 5 жылға сотталды

Фото: istockphoto.com

Қала тұрғыны түнгі ойын-сауық орнында атыс жасағаны үшін сотталған

Астана қаласындағы түнгі клубтардың бірінде ішімдік ішкен ер адам оқ атқаны үшін 5 жылға сотталды.

Прокуратураның мәліметінше, кінәлі ер адам спирттік ішімдікті ішіп және газ толтырылған шарларды тұтынып, түнгі клубқа өзге келушілерге себепсіз тиісіп, олардың мазасын алған. Осыған байланысты қонақтардың бірі қылмыскердің өрескел әрекеттеріне ескерту жасап, мұндай мінез-құлқының себебін сұрамақ болған.

Алайда қоғамдық тәртіпті сақтауға ниет білдірмеген бұзақы өзімен бірге болған газды тапаншаны шығарып, жәбірленушінің кеуде тұсына екі рет оқ атқан. Соның салдарынан зардап шеккен адамда дене жарақаттары пайда болған.

«Осыдан соң қылмыскер оқиға орнынан дереу бой тасалаған. Сотта атыс ұйымдастырушы кінәсін толық мойындады. Сот үкімімен сотталушы газды қаруды қолдана отырып бұзақылық жасағаны үшін 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айыруына сотталған. Елорда прокуратурасы азматтарды қоғамдық орындарда заң талаптарын сақтауға шақырып, құқыққа қайшы әрекеттер үшін заңда көзделген жауаптылық туралы ескертеді», – делінген прокуратураның хабарламасында.