Ауғанстанда тасқыннан жоғалғандар саны 100-ден асты

Фото: br.az

Ауғанстанның Нұристан провинциясында болған жойқын су тасқынынан кемінде 20 адам қаза тауып, 100-ден астам адам хабар-ошарсыз кеткен.

 Табиғи апат салдарынан Парун қаласындағы тұрғын үйлер мен дүкендер қирады. Із-түзсіз жоғалғандардың арасында қала әкімі де бар.

Елдің 34 провинциясының 10-ында алдағы күндері де нөсер жауын мен су тасқыны қаупі сақталады. Билік тұрғындарды өзен-көлдерге жақындамауға шақырды.

Мамандардың айтуынша, ормандардың жаппай кесілуі де тасқынның зардабын күшейтіп, елдегі гуманитарлық жағдайды қиындатып отыр.