Үкімет резервінен Жетісу облысындағы Алакөл көлінің жағалауын қорғайтын бөгет салуға 3 млрд теңге бөлінді.
Қаражат ұзындығы 6 шақырым болатын қорғаныс бөгетін салуға бағытталады.
Оның 2,5 шақырымы Көктұма ауылында, ал 3,5 шақырымы Ақши ауылында бой көтереді.
Жоба Алакөл жағалауының одан әрі шайылуының алдын алып, көлдегі шөгінділердің табиғи тасымалдануы мен қайта бөліну жүйесін сақтауға мүмкіндік береді.