Ақтауда дрон ұшыруға уақытша тыйым салынды

фото: depositphotos.com

Ақтау қаласында 22-26 шілде аралығында дрон ұшыруға уақытша тыйым салынды. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімдігі хабарлады.

Әкімдіктің ресми ақпаратына сүйенсек, бұл шектеу оқу-жаттығу іс-шараларын өткізуге байланысты қабылданып отыр.

 Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация комитетінде тіркелмеген және белгіленген тәртіппен есепке қойылмаған пилотсыз әуе кемелері (дрондар) анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 563-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынатынын ескертеміз, — делінген әкімдіктің хабарламасында.