Н. Тілендиев даңғылының Баршын көшесінен көлік жолайрығына дейінгі учаскесінде жол төсеміне жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, ағымдағы жылдың 22–26 шілде аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Қалаға кіру қозғалысы әдеттегі режимде жүзеге асырылады. Қаладан шығу қозғалысы ұсынылған уақытша жол жүру сызбасына сәйкес ұйымдастырылады.
Жүргізушілерден жол бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұраймыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз.