Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

фото: pixabay

Елде 57 жалған банкнот анықталған. Олардың жалпы сомасы – 259,4 мың теңге.

Ең көп қолдан жасалғандары 2 000 теңге – 22 дана; 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттар да бар.

Ұлттық банк желіде «Нағыз ақшаға ұқсас» купюралар сатылып жатқанын айтты. Қазақстандықтарға төлем жасамас бұрын банкноттарды мұқият тексеруге кеңес берілді.