Мұздатқышқа адамның басын жасырып қойған қылмыскер 11 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 22 шілде 2026

Хромтауда із-түссіз жоғалған адамның басы мұздатқыштан табылды. Тергеу барысында айыпталушылардың бірі кісі өлтіргенін мойындап, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қылмысты жасырған екінші адам 4 жылға сотталды. Оқиға былтыр 11- қазанда болған. Полицияға жергілікті тұрғын жұбайының бір аптадан бері үйіне оралмай, байланысқа шықпай жүргенін айтып арызданған. Хабарлама түскен бойда жедел-тергеу тобы құрылып, жоғалған азаматтың туыстары, таныстары, көршілері мен әріптестері сұралды. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер жоғалған азаматтың екі танысына шыққан. Тергеу мәліметінше, бұлтартпас дәлелдерден кейін күдіктілер кінәларын мойындаған.

ЖАНСАЯ ТАЙЫРОВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Сот үкімімен сотталушы "Б" ҚК тің 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы" Л" ҚК-тің 432-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге  бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.