Атырауда азық-түлік дүкенінен 2,5 миллион теңге ұрлады

Атырауда азық-түлік дүкенінен 2,5 миллион теңге қаржы ұрланды. Күдікті бұған дейін бірнеше  дүкенінің кассасынан түрлі көлемдегі қаржыны жымқырып келген. 30 жастағы сұғанақтың беймезгіл уақытта бетперде киіп алып, арнайы құралдармен дүкеннің есігін ашып кіргені, тіпті қалай ұрлағаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні ұстап, айғақ заттар мен қаражатты тәркіледі.

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Атырау қаласындағы бірнеше азық-түлік  дүкенінің кассаларынан  әртүрлі сомадағы ақша қаражатын жасырын жымқырған  30 жастағы күдікті анықталып ұсталған. Қазіргі таңда оған күзетпен ұстау бұтартпау шарасы  қолданылған. Содай-ақ ұрлық бабымен  қылмыстық іс қозғалып,  қазіргі таңда  кешенді тергеу амалдарынан соң сотқа жолданды.