Тыйым салынған жерде шомылғандар жауапқа тартылуда

  • AstanaTV
  • 22 шілде 2026

Аптап ыстық басталғалы өзен-көл жағасына ағылғандар көбейді. Алайда салқын су іздеймін деп қауіпсіздікті елемейтіндер де аз емес. Биыл шомылу маусымы басталғалы елімізде 60-тан астам адам суға кетсе, 2700-ден астам азамат қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Құтқарушылардың айтуынша, айыппұл да, күнделікті рейд те жұрттың бәріне бірдей сабақ болмай тұр.

АЙҒАНЫМ ТҰРЫСБЕК, ТІЛШІ:

Елімізде дәл осы тыйым белгісін елемей, суға түсетіндер көп. тәртіп сақшылары мен құтқарушылар күн сайын рейдке шығуға мәжбүр. Олардың мақсаты жазалау емес, жазатайым оқиғаның алдын алу. соған қарамастан, қауіпті аймаққа келушілер азаймай тұр. Шомылу маусымы басталғалы елорда да 40 астам азамат тыйым салынған аймақта суға түсіп айыппұл арқалаған.

Астанада шомылуға рұқсат етілген 5 жағажай болса, қауіпті заңсыз орындар саны - 21. Жыл басынан бері мұндай жерлерде 2 бала ажал құшты. Ереже бқзатындардың басым бөлігі балалар мен масаң күйдегі азаматтар. Кезекті рейд кезінде де өзенге мас күйде түскен екі ер азамат ұсталып, хаттама толтырылды.

Тұрғындар ескертуді елемегенімен, бұл аумақтың тереңдігі 8 метрге жетеді, ал түбі толған өткір тастар. Бірақ ереже бұзушылар «айыппұл салса да, бұл әрекетімізді қайталаймыз» деп қайтпай отыр. Айта кетейік, мұндай заңбұзушылық үшін 7 айлық есептік көрсеткіш, яғни шамамен 30 мың теңгеге жуық айыппұл қарастырылған.

АРЛЕН БҮРКІТБАЙ, ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Күнделікті 40 адам кезекшілік атқарады. Оның ішінде 5 құтқару құралы, 5 жүзу құралы және 5 арнайы техника. Біздің кезекшілікке орталыққа қала аумағындағы су айдынына 130-дан астам камера шығарылған. Сол камерадан біздің кезекшілер су  айдынын, жағалауды бақылайды.

Қазір қауіпті аймақтар тек рейдпен емес, заманауи технологиямен де бақылауда. Құтқарушылар «24/7» камера арқылы жағдайды жіті қадағалап отыр. Алайда, қатаң бақылауға қарамастан, ережені белшесінен басып, өз өмірін қатерге тігетіндер тыйылар емес.