Жамбылда мердігер жолдың жартысын асфальтамай тастап кеткен

  • AstanaTV
  • 22 шілде 2026

Тараз қаласының іргесінде орналасқан Қаратау ауалының тұрғындары облыс орталығына қатынай алмай әлек. Себебі, салынған асфальтың жартысы жоқ. Осыдан бір жарым жыл бұрын жол салып бастаған мердігер жартысына жеткенде техникаларын алып тайып тұрған. Енді азабын тұрғындар тарып жүр.

Қаратау ауылы Тараз қаласынан небәрі 30 шақырым жерде орналасқан. Шекара аумағының бойындағы шағын ауыл жұрты облыс орталығына қатынуды қойдық дейді. Өйткені жол жоқ. Мұны айтып бармаған жер, қақпаған есік қалмапты. Тұрғындар небәрі 10,5 шақырым жолға асфальт төсеуге 1 жарым жыл жұмсау недеген масқара деп отыр.

НҰРҒАЛИ ПАНАТОВ, ҚАРАТАУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Асфальт салды дегенге қуанғанбызғой одан кейін бірнеше жыл өтті мінекей. Былтыр қайта жаңартамыз деді асфальтті жаңартқандағысы мынау болды бір жарым жыл болды. Жүйке деген жұқарғанда әбден анау мына жерден шыға берген кезде машина дірілдегенде шек-қарының түседі дірдір етіп салқылдап.

САБИТ АХМЕТОВ, ҚАРАТАУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Айқайлаймыз қоямыз анаған барамыз, мынаған барамыз бір жарым жылдан бері не бітірмейді не қоймайды. Қандай ұятсыз адамдар білмеймін. Ешқандай жауапкершілік жоқ. Ауру сырқауымыз бар жедел жәрдем келу керек. Звандап қалсаң жолдарың жаман өздерің алып келіңдер болмаса сөйтіп айтады.

Мердігер 5 шақырым жол төсеп техникаларын жинап тайып тұрған. Кейін тұрғындар айқайға басқан соң тағы 2 шақырым жолды салып, жоқ болыпты. Оның өзі сапаға сай келмейді дейді. Тас жол төсеуге тапсырыс берген әкімдіктің ай қарап отырғанына аң таң.

ОҢЛАСЫН ӘУБӘКІРОВ, ҚАРАТАУ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өзім осы жол саласында 20 жылдан аса қызмет жасадым. Жол саласын бүге-шүгесіне дейін жақсы білемін. Мынау салған жолдары стандартқа сәйкес келмейді. Оларда техназорда жоқ. Ұлттық сападан тексеріп жатқан жоқ. Осы бақылау органдары қайда қарап отыр. Әкімшіліктер қайда қарап отыр.

Бұл жолға аудандық бюжеттен 410 млн теңге бөлінген екен. Бүгінгі таңда соның 170 млн теңгесі әлі игерілмепті. Өйткені жол жұмыстарын ұтып алған мердігер қалған 3,3 шақырымды аяқтамай көзден ғайып болған. Жергілікті билік жолдың мерзіменен кешігіп жатқанын  растап отыр.

НҰРЛАН НЕСІПБЕКОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жалпы ұзындығы 10,5 шақырымды құрайды. 2025 жылы басталған 2026 жылы аяқталауға тиіс болатын. 10-нан бері қарай әр күнге 01 пайыздан пениясы жүріп жатыр. Мердігір тиісті жұмыстарын аяқтамаса жалпы ол мердігірмен келісім шартты бұзу туралы шешім қабылдап, жұмыс жүргізетін боламыз.

Созбалаңға салынған жолдың жырын жұрт жыл соңына дейін жырламасақ екен дейді. Ойдым-ойдым жолда жүріп көліктен көлік қалмады деп отыр.