Алматыда Алтын Орда тарихындағы әйел тұлғасының рөлі талқыланды. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өткен дөңгелек үстелде ғалымдар мен зерттеушілер ортағасырлық Еуразия кеңістігіндегі әйелдердің саяси, дипломатиялық, мәдени және рухани өмірдегі орнын саралады. Басқосуда осы бағыттағы ғылыми зерттеулерді дамыту, студенттерге арналған жаңа элективті пән енгізу және жас тарихшылардың жобаларын қолдау бастамалары ұсынылды. Университет өкілдері аталған тақырып бойынша стартап әзірлеп, алдағы жылы гранттық қаржыландыруға өтінім беруді жоспарлап отыр.
БЕРІК ЖҰБАНЫШОВ, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ТАРИХ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Арнайы осы Алтын орда тарихындағы әйелдердің рөлі туралы біз негізі элективтік пән ретінде енгіземіз. Бұл студенттерге қосымша пән ретінде енеді. Сонымен қатар біздің қыздарымыз бізде тарих кафедрасында жас тарихшы зертртеу ұйымы бар студенттерден құралған. Осы бойынша бір стартап жоба дайындатамыз. Және осы жөнінде біз келесі жылы гранттық қаржыландыруға жоба береміз деген ойымызда бар.
Сондай-ақ, университет жанынан қыздарға арналған арнайы мектеп ашу жоспарлануда. Білім ордасында қыз балаларға әдеп пен этикет, классикалық музыка мәдениеті, көпшілік алдында өзін ұстау әдебі, іскерлік келіссөз жүргізу дағдылары және ұлттық құндылықтарға негізделген заманауи қазақ қызының болмысын қалыптастыру бағытында білім беру көзделген. Жоба қазір дайындық кезеңінде.
ДУМАН ЖЕКЕНОВ, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ РЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:
Бұл жобаны біз Алматы қаласы әкімдігінің алдында қорғадық қазірдің өзінде. Енді қазір Алматы қаласымен біз жер алу мәселесін келіссөз жүргізіп жатырмыз. Яғни, сметалық жоспарлық кезеңінде. Бірақ қазір біздің дизайн саласындағы мамандарымызбен оның 3Д жобасы жоспарланып жатыр.